Сарапшылар жорамалынша, қайталама нарықта жыл соңына дейін жылжымайтын мүлік 7-10 пайызға арзандауы тиіс. Алайда бұл құбылыс негізінен жаңа емес, ескі пәтерлерге қатысты болмақ. Жыл басынан бері ескі пәтерлер Астанада бір шаршы метріне 340-345 мың теңгеден 310-315 мыңға дейін төмендеген. Ал Оңтүстік астанада шаршы метрі 360-370-тен 330 мың теңгеге жетіпті. Жалпы, соңғы 12 айда Қазақстанның ірі қалаларындағы бағалар индексі 13 пайызға төмендеген. Ал қаңтар мен маусым аралығында 5 пайызды құрады. Жаңа баспанаға сұраныс әрдайым көп. Сондықтан олардың құнына қатысты сарапшылар анық болжам жасап отырған жоқ...