Арақ-шарап бағасы қымбаттады. Статистикалық комитет орташа есеппен баға 12 пайызға өскен деп ақпарат таратса, ал еліміздегі алкоголь өнімдерін өндірушілер және сатушылар қауымдастығы Президентінің айтуынша, алкоголь бағасы жыл басынан 23 пайызға көтерілген. Оған себеп - акциздік салықтың көтерілуі.