Алтын бағасы

Алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар 2,1%-ға қымбаттады. Ішкі нарықтағы өндірілген ұнтақ түріндегі алтынның 1 келісінің құны бүгінгі күні 13 млн 61 мың 500 теңге тұрады. 2015 жылдың осы мерзімінде бұл бағалы шикізаттың бағасы 9 907 мың теңге болатын. Қазақстандық алтынның күн санап қымбаттап бара жатқанын байқауға болады. Ал әлемдік нарықтағы бұл бағалы металл құны осы күндері күрт құлдырап, унциясына 1200 долларға түсіпті. Оған АҚШ доллары мен облигациялар табысының  өсуі  әсер еткен. Өз кезегінде бұл құбылыс Америка федералды резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлемені күрт көтеріліп жібергенінен кейін байқалған...

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу