Қанттың бағасы арзандады

Жаз бойы қымбат болған қанттың бағасы бүгінде 10,2 пайызға төмендепті. Мәселен, Елорданың базарында құмшекер 210 теңгеге сатылуда. Осыған дейін оның келісі 280 теңгенің көлемінде саудаланған болатын. Биыл қант қызылшасын өсіретін егіс алқаптары біршама ұлғайтылды. Бұл өз кезегінде еліміздегі қант өндірісінің қарқын алуына септігін тигізбек. Ауыл шаруашылығы министрлігі осының есебінен сырттан келетін өнім көлемін қысқартуды жоспарлап отыр. Биыл қант тапшылығы немесе негізсіз қымбаттау болған жоқ. Кейбір өңірлерде бағаның өсіп кетпеуіне жол бермеу үшін тұрақтандыру қоры ашылды.

Жүргізуші: Арай Сүгірбай.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу