Әуе және теміржол билеттерінің бағасы

Мереке қарсаңында ертерек жоспарламасаңыз, жол шығыныңыз шарықтап кетеді. Бірақ мамандар мейрам кезінде билет тапшылығын болдырмаудың бар амалын жасап отырмыз дейді. Келесі жылдан бастап, 38 бағыт бойынша қатынайтын пойыздардың билет бағасы 7 пайызға қымбаттамақ. Тек Орал, Қостанай, Петропавл, Қарағанды жаққа қатынайтын жолаушылар пойызындарында 2018-2019 жылдары ешқандай өсім болмайды. Жалпы 16 бағыт бойынша билет бағасы қымбаттамайды. Ал авиа билеттердің бағасына келетін болсақ, Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасына сәйкес авиабилеттер авиакомпаниялар тарапынан бекітіледі. Оның бағасы көбіне авиашығындарға байланысты. Ал әуе билеттері мейрам күндері қымбаттауы немесе қымбаттамауы нарыққа байланысты. Яғни сұранысқа орай анықталады. Мәселен, сатылым төмен болған жағдайда, баға арзандайды. Мейрам күндері көбіне арзан билеттер таусылып, тек жоғары тарифтегі билеттер ғана қалады. Сондықтан сала мамандары жолаушыларға сапарларын ерте жоспарлауға кеңес береді.

Жүргізуші: Арай Сүгірбай.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу