Бүгінде көгеріп, пісіп, сөрелерге түскен қарбыздың Астана сөрелеріндегі құны 1 келісі үшін 100, ал базарда одан төмен, 55 теңгеден бастап алуға болады екен. Қауын болса, 150-300 теңге аралығында саудаланып жатыр. Оларды өсірумен айналысатын шаруалардың сөздеріне сенсек, биыл қауын, қарбыз бағалары былтырғыдан 20 пайызға көтерілген. Негізгі себебі жанар-жағармай бағасының өсуіне байланысты.