Биылғы 2 айда автомобильдер құны 2,2%-ға өсті. Статистика комитетінің мәліметінше, 2016 жылдың желтоқсанынан бері темір тұлпарлар 2,9 пайызға, сол жылдың қаңтарынан бері - 7,8, ал 2015-тің желтоқсанынан 23,4 пайызға қымбаттаған. Көліктерге қажетті бөлшек құралдар болса, былтырғы қаңтардан 4,4 пайызға өскен екен. Алдағы айларда оның бағасы тағы да өседі деген болжам бар. Көлік құрастырушы «Агромашхолдинг» кәсіпорнының директоры Сергей Могилатовтың пікірінше, оған бөлшектердің қымбаттауы мен қосымша құн салығы әсер етуі мүмкін.