Автонесие бағдарламасы жалғасын тапты

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы биыл да жалғасын тапты. Үкімет осы мақсатта 8 млрд теңге бөлді. Енді азаматтар кез келген екінші деңгейлі банктерге барып, бағдарлама бойынша өтініш берсе болады. Шартты сыйақы мөлшерлемесі жылына - 4 пайыз. Ал жылдық тиімді мөлшерлемесі 7,5 пайыздан аспауы тиіс. Несие 7 жылға дейін беріледі. Жеңіл көлікті 15 млн теңгеге дейін алуға болады. Тұтынушыларға Қазақстанда құрастырылатын 50-ге жуық көлік моделі ұсынылады.

Жүргізуші: Арай Сүгірбай.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу