Баланы мектепке даярлау құны қандай?

Бір баланы мектепке дайындауға қанша қаржы кетеді? Бүгін біз осы сұраққа жауап іздейтін боламыз. Статистикалық ақпараттарға сүйенсек, ең жоғарғы баға Астана, Алматы, Қарағанды және Павлодарда байқалған. Елорда базарларында мектеп формасы 12 мен 35 мың аралығында саудалануда . Ал, арнаулы дүкендерге барсаңыз 20-33 мың теңге жұмсауыңызға тура келеді. Алматы мен Қарағандыда 10 мыңнан басталып, 35 мыңға дейін барады. Ал төмен бағадағы мектеп формалары Көкшетау мен Өскеменде. Бір бала үшін сіз мұнда 3 мыңнан бастап, қымбат дегенде 20 мың шамасында шығындаласыз.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу