Бас киім бағасы

Қысқы бас киімдердің бағасы өткен жылмен салыстырғанда 19,3 пайызға қымбаттаған. Қыз-келіншектерге арналған жүннен тоқылған бас киімді мойынорағышымен қоса 5 мың теңгеге алуға болады. Бұл - ең арзаны. Ер азаматтарға арналғандардың бағасы 4 мыңнан басталып, 20-30 мыңға дейін барады. Терінің сапасы мен тігісіне қарай баға көтеріле береді. Қазір көбіне құлақшындар, күдеріден, теріден тігілген бас киімдерге сұраныс жоғары. Олар 50-60 мың теңгенің көлемінде.

Жүргізуші: Арай Сүгірбай.

 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу