Биылғы жылдың наурызында жаңа тұрғын үйлердің құны алдыңғы айдағыдан 0,4%-ға өскен, ал қайта сатылатын ескілері – 0,1%-ға төмендеген еді. Астанада сәуірдің үшінші аптасында, яғни 17 мен 23 аралығында пәтерлердің 1 шаршы метрінің құны 350 мың теңге немесе 1125 долларға тұрақтаған. Жыл басынан бері теңгемен есептелген үйлер 4,4 пайызға арзандапты. Сонда әрбір шаршы метрден 16 мың кеміген екен. Осылайша Елордадағы 1-бөлмелі пәтерлер бүгінгі күні орта есеппен 13,6 млн теңгеге сатылып жатыр. Қымбат деген үйлер орта есеппен шаршы метрі үшін 481 мыңға, арзандаулары 253 мың теңгеге бағаланыпты.