Кешенді демалысты ұйымдастыру қызметтері 4,8 пайызға қымбаттады. Ойын-сауық, мәдениет саласындағы қызметтер 10 пайызға өскен. Бұл ретте статистикаға сенсек, Атырау мен Ақтау және Қызылорда тұрғындары үшін ойын-сауық сәл арзанға түседі екен. Ал Астана мен Алматыда, одан соң Көкшетау, Өскемен, Қарағандыда белсенді демалысқа жақын адамдар басқа өңір тұрғындарына қарағанда біраз шығынданады.