Биыл тұрғын үй бағасы 15%-ға арзандайды

Биыл тұрғын үй бағасының арзандауы нарыққа біраз серпіліс әкелмек. Пәтер мен үй сатып алушылар қатары көбейе түседі. Енді баға осыдан бірнеше жыл бұрынғыдай шарықтамайды дейді сарапшылар. Астанада салынған жаңа тұрғын үйлердің әр шаршы метрінің бағасы 318 мың теңге деңгейінде тұрақтаныпты. Алматыдағы баға 430-450 мың теңге аралығында болып, жыл соңында 438 мың теңгені құраған. Қайталама тұрғын үй нарығындағы баға екі қалада да 5-8 пайызға, кейбір өңірлерде 10-11 пайызға төмендеген. Айта кетейік,өткен жылы тұрғын үйді сатып алу-сатуға қатысты жасалған келісімнің саны үш есе өскен. Сарапшылар биыл коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алсаңыз, ұтылмайсыз деп отыр. Себебі, осы жылы «Астана» қаржы орталығының ашылуына орай инвесторлар көптеп келе бастайды. 

Жүргізуші: Арай Сүгірбай.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу