Қазіргі уақытта танымал брендтердің көшірмесі көп. Бағасы да қолжетімді. Сәйкесінше, ең арзан сөмкелердің бағасы 4-5 мың теңгеден басталады. Жергілікті базарларда бұйымның ең қымбаты 18 мың теңге тұрады. Бірақ оларды таза былғарыдан тігілген деп айту қиын. Сапалы әрі қымбат теріден тігілген сөмкелердің бағасы әлдеқайда жоғары. Кемі 30 мың теңгеден жоғары. Бүгінде сөмкелердің құны өткен жылмен салыстырғанда 17 пайызға қымбаттапты. Баға көтерілгенімен оған деген сұраныс азайған емес.
Жүргізуші: Арай Сүгірбай.