banner

Денеден тыс ұрықтандыру қызметі арзандады

Елімізде жыл сайын 20 мыңнан аса жұп бедеулікпен зардап шегеді екен. Ем-дом шарасы кезінде қолданылатын дәрілердің бағасы - 700 мың теңге. Жүкті болу үшін қаражаттың басым көпшілігі препараттарға жұмсалады. Оған көпшілігінің жағдайы келе бермейтіндігі бесенеден белгілі. Сол жайттарды ескере келе, осындай қызметті көрсететін орталық дәрі қолданбайтын әдісті пайдалана бастады. Мұндай тәжірибе Ұлыбритания мен Жапонияда жиі қолданып келеді. Осының арқасында ұрықтандыру екі есеге арзандап отыр. Ал тиімділігі мен нәтижесі осыдан 23 жыл бұрын 10-15 пайыз болса, қазір 70 пайызға дейін көтерілген.

Жүргізуші: Арай Сүгірбай.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу