2015 жылдан бері елімізге импортталатын дәрі-дәрмектердің құны 70, өзімізде өндірілетіндері 40 пайызға дейін қымбаттады. Ал биыл қаңтар-ақпан айларында олардың бағалары өткен жылмен салыстырғанда тағы 4,6 пайызға өсті. Ел нарығына енетін дәрі-дәрмектің 70 пайызы импортталатындықтан, олардың бағалары валютаның өзгерісіне тәуелді болары сөзсіз. Алайда осы саладағы мамандардың пікіріне құлақ түрсек, 2015-16 жылдары әкелінген фармацевтикалық тауарлар ескі курспен алынғандықтан, биыл қымбаттамауы тиіс.