Ең қымбат банан қай елде?

Статистика комитеті ұсынған мәліметке сүйенсек, еліміз бойынша бананның орташа бағасы 485 теңге. Жемістің ең арзаны Қостанайда екен. 387 теңге тұрады. Ал ең қымбаты Атырауда саудалануда. 1 кг 596 теңге. Әлем бойынша ең арзан банандар Үндістанда сатылады. Небәрі 230 теңге тұрады. Бірақ ондағылар өте дәмді болып келеді. АҚШ-та 500 теңгеге саудалануда. Оңтүстік Кореяда тым қымбат екен. Онда бананың 1 кг 1600 теңге тұрады.

Жүргізуші: Арай Сүгірбай.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу