Ет қымбаттады

Бір жыл ішінде еттің бағасы 8-10 пайызға көтерілген. Үлкен сұранысқа ие және күнделікті тұтынатын өнімнің қымбаттауына не себеп? Сатушылар мұны мезгіл жаз, ет аз деп түсіндірсе, сарапшылар шаруаға кететін шығындардан деп отыр. Сиыр етінің бағасы бір жылда 9,9 пайызға көтеріліп, 1481 теңге болды. Қой еті 9 пайызға артып, 1390 теңгеге саудалануда. Жылқы еті 8 пайызға жоғарылап, 1619,9 теңгеге шыққан. Қой мен сиыр етінің бағасы әсіресе Астана қаласында көтерілген. Бір кг-мын 1666-1720 теңгеге алуға болады. Ал Қарағандыда жылқы еті қымбат. 1841 теңгеге сатылуда.

Жүргізуші: Арай Сүгірбай.

Другие выпуски телепроекта