Фармацевтикалық өнімдер қымбаттады

Антибиотиктер 25,2 пайызға, антисептиктер жылына 10,6, ал витаминдік дәрілер 3,4, медициналық бинт 9,3, мақта 2 пайызға қымбаттаған болатын. Осылайша, статистика комитетіне сүйенсек, бүгінде ең қажетті препараттардың ішінде корвалол ел бойынша 73 ампицилин 107, витаминдер 346, антисептикалық қралдар 75 медициналық таңғышттар 54, мақтаның 100 грамы 208 теңгеге тұрақтаған.  Дәрі-дәрмектің әр қаладағы бағалары, тіпті бір қаладағы дәріханаларда әр түрлі. Оған баға бекіту жүйесінің реттелмеуі себеп. Қазіргі күні өндірушілер кез келген препаратқа өз құнын бекітуге, ал дәріханалардың олардың үстінен үстеме баға қосуға құқылы. Соның есебінен айырмашылық бір қаланың өзінде 20 пайызға, ал дәрінің дефициті байқалса, 200 пайызға дейін өсіп кетуі байқалған...

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу