Гүл бағасы бойынша биыл айтарлықтай өзгеріс жоқ. Қазір 1 тал қызғалдақтың өзіндік құны – 250–300 теңге. Оны саудагерлер мереке күндері кемі 600-650 теңгеден сатады. Ал көпшіліктің сұранысына ие раушан гүлінің бағасы кемі 350 теңге. Сатып алам десеңіз, қазір ең арзаны 500 теңгеден саудаланады. Ал гүл шоқтарының бағасы 5 мың теңгеден басталады.
Жүргізуші: Арай Сүгірбай.