Қымбат әрі арзан жол сөмкелерді жасап шығаратын зауыттардың 90 пайызы Қытайда орналасқан. Себебі, онда жұмыс күші арзан, әрі жан-жаққа тасымалдауды қамтамасыз етеді. Ол жердегі әрбір компания жыл сайын 100 мың чемодан шығарады. Қытайдың бір провинциясының өзінде 2 мыңға жуық жол сөмкелерін шығаратын өндіріс орны бар. Ал тұтас Ресейде небәрі 4-еу ғана. Кедендік одаққа кіретін бұдан өзге Өзбекстан, Қырғызстан тіпті Қазақстанда чемодан өндірісімен айналысатын бірде-бір кәсіпорын жоқ. Бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында отандық кәсіпкерлер елімізде жол сөмкелерін шығаруда қолға алмақ.
Жүргізуші: Арай Сүгірбай.