Қазақстанда 2017 жылдың төртінші тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 163 мың 725 теңгені құрады. 2016 жылдың дәл сол кезеңімен салыстырғанда ол 5,9 пайызға өскен. Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, ең жоғарғы номиналды жалақы қаржы саласында екен. 316,1 мың теңге. Бұл орташа республикалық деңгейден 1,9 есе жоғары. Өнеркәсіп саласында – 234,3 мың теңгені көрсеткен. Құрылыс саласындағы мамандардың орташа айлығы 218,1 мың теңге екен. Ел бойынша жоғары оқу орнындағы мұғалімнің орташа жалақысы 137 мың теңге болды. Ал орта білім беру жүйесінде және бастауыш мектеп мұғалімдерінікі - 114 мың және тәрбиешіде – 78 мың теңге. Номиналды жалақының ең төменгі деңгейі ауыл шаруашылығында, 96,7 мың теңге. Бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 41 пайызға төмен.
Жүргізуші: Арай Сүгірбай.