Бүгінде қазақстандықтар киіп жүрген киімнің 99,1 пайызы импорт. Отандық өнімнің үлесі небары 0,9 пайыз. Бағаның күн өткен сайын көтерілетіне тікелей әсер ететін фактор осы. Ал тауарлардың кей түрлері бойынша made in Kazakhstan тауарлары сәл де болса бар. Мәселен, спорттық киімдердің 27,7 пайызы, шұлықтардың 3,9 пайызы, іш киімдердің 1,2 пайызы елдегі фабрика, цехтарда жасалады. Енді сырттан келетін тауарлар жайында. 2015 жылы қазақстанға барлығы 62,3 мың тонна киім импортталған екен. Оның 40 пайызы Қытайдан әкелінген. Ал оған жұмсалған қаржы 150 млн доллардан асты. Қырғызстаннан 35 млн долларға барлық импорттың 14,7 мың тоннасы келген, Өзбекстанның үлесінде 12 пайыз. Ал Ресейден 5,4 тонна келген. Түркиялық фабрикалардан 101 млн долларға 5 мың тонна киім-кешек әкелінген. Алайда 2016 жылы импорт көлемі екі есеге дейін азайған.