Киім-кешек бағасы екі есе қымбаттады

Қысқы аяқ киім бағасы 50-60 пайызға, сырт киімдер 40, ал сәнқойлар ұнататын эксклюзивті бренд киім-кешек бағасы 100 пайызға көтерілген. Елімізде киім тігетін 250-ден астам кәсіпорын бар. Дегенмен, өнеркәсіп орындары мемлекеттік тапсырыспен ғана жұмыс істейді. Яғни әскери және өзге де салаға қажеті арнайы киімдерді ғана тігеді. Сол себепті, күнделіктіге керек киім-кешектерді шет елдік валютамен сырттан сатып алуға мәжбүрміз. Теңге құнсызданған сайын киім бағасы да өсіп келеді.

Тілші: Арай Сүгірбай.

 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу