banner

Көкөніс пен жеміс-жидек бағасы арзандады

Қазір жаз маусымының басы. Оңтүстік өңірде қауын қарбыз, көкөніс пен жеміс жидектер пісіп үлгерді. Соның арқасында дүкен мен базар сөрелері самсап тұр. Бір қуантарлығы бұлардың кейбіреуінің бағасы арзандаған. Мәселен қияр құны бір айдың ішінде 27 пайызға төмендеді. Қызанақ болса 16,5 пайызға кеміген. Мамандар көкөніс өнімдері бағаларының маусымдық арзандауы алдағы айларда да жалғасуы мүмкін деген болжам жасап отыр.

Жүргізуші: Арай Сүгірбай 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу