Коммуналдық тариф бағасы көтеріледі

Елімізде коммуналдық қызметтер құны қымбаттады. Өткен жылдың тамыз айымен салыстырғанда баға 6 пайызға өскен. Алдағы уақытта тағы да қымбаттай түседі деген жорамал бар. Тамыз айында тұрғын үйдің бір шаршы метрі үшін төленетін ақы 8,4 пайызға артып, 26,63 теңгеге қымбаттаған. Қоқысты шығару адам басына бір айда 4,8 пайызға, яғни 161,74 теңгеге артқан. Суық су бір текше метрге 71,6 теңгені құрап, 10,5 пайызға өскен. Ыстық судың тарифі 3,5 пайызға жоғарылап, бір текше метрге 221,77 теңге болған. Ал кәріздікі 46,83 теңгеге дейін 9%пайызға артқан. Орталықтан жылыту құны бір жылға 3943,93 теңгеге дейін артса, табиғи газ бағасы 17,05 теңгеге қымбаттаған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу