Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке коммуналдық қызмет бағасын көтеруге тапсырма берді. Бұл - ең алдымен осы салаға инвесторларды тарту үшін жасалған қадам. Себебі, су және жылу құбырларын жаңартып, модернизациялау үшін ел бюджетінен қомақты қаржы кетіп жатыр. Жалпы жыл басынан бері бірқатар коммуналдық қызметтер бағасының өскендігі байқалады. Мәселен суық су 7,3 пайызға көтеріЛген. Ыстық судың бағасы 6,4 пайызға артып отыр. Қоқыс шығару ісіне біздің төлеміміз 3,9 пайызға өскен. Кәріз жүйесінікі соңғы сегіз айда 15,4 пайызға көтерілген. Ал орталықтан жылыту болса, 6,7 пайызға артқан.