Коммуналдық қызмет бағасы

Биылдан бастапелімізде коммуналдық қызмет бағасы көтерілді. Дегенмен мамандар бағаныңөсімі 10 пайыздан, яғни инфляция деңгейінен аспауы керек деп отыр. Мәселен,Семейде сумен қамтамасыз ету бағасы 4,5 пайызға артады. Жамбыл облысында1-ші шілдеден бастап, судың бағасы 7,6 пайызға көтерілмек. Оңтүстік Қазақстанда12 пайызға көтеріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, жылу, газ тарифтері дежоғарылайды. Қазірдің өзінде Ақтөбе облысында электр қуаты бірден 10 пайызға,газ 8 пайызға шарықтаған. Ал суға 3 пайыз қосылыпты. Жыл соңына қарай Алматы облысында жылуберу 3,5 пайызға қымбаттайды. Солтүстік пен Қарағанды облысында 5 пайызға,Павлодар облысында 7 пайызға көтерілмек. Бүгінде жеті облыста жарық беру бағасы қымбаттады. Ақтөбе өңірінде 10 пайызға, Оңтүстікте -6, ШығысҚазақстан, Солтүстік және Қарағанды облысында – 5 пайызға көтерілді.

Жұргізуші: Арай Сүгірбай.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу