2017 жылдың басында үлкеннің де, кішінің де сүйікті дәмі кондитерлік өнімдер мен кәмпиттер 13-14 пайызға қымбаттады. Қантты печеньелер бағасы кей сауда сөрелерінде 11,8, пайызға өсті. Ақпанның 20 мен наурыздың 18-і аралығында жеміс-жидекті карамельдердің индексі ел көлемінде 1 пайызға, Павлодарда 5,3, Көкшетауда 5,2, Оралда 3,7, Шымкентте 3, Таразда 2,2 пайызға өсті. Сәйкесінше, бағалары да өсті деген сөз.