Кондитерлік өнімдер бағасы

Елімізде кондитерлік өнімдер бағасы өткен жылмен салыстырғанда 10,7 пайызға қымбаттады. Жыл басынан бері Қазақстанда 88,1 мың тонна шоколад, кондитерлік өнімдер және қант шығарылған. Дегенмен, биыл өнім көлемі артқанымен, оған деген сқраныс азайған. Тұтынушылардың көбі арзан конфеттерді ала бастаған. Кәмпит құны 949 теңге тұрады. Печенье 539 теңгеге сатылуда. Пряниктерді 520 теңгеге алуға болады. Ең қымбаты Астанада екен. Кәмпиттердің өзі 1000 теңге көлемінде. Қазақстан кондитерлер қауымдастығының президенті Әлихан Талғатбектің айтуынша, барлық жетекші компаниялардың ешқайсысы бағаны өсірмеген. Бұл импорт өнімдердің қымбаттауымен байланысты болуы мүмкін. Себебі, бағаны ортақ есеппен шығарады.

Жүргізуші: Арай Сүгірбай.

 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу