Косметика бағасы

Әдетте жыл соңында косметика сататын дүкендердің бірқатарында тауарларға біраз жеңілдік жасалады. Себебі, сапалы косметиканың жарамдылық мерзімі жарты жылдан аспауы тиіс. Сондықтан жыл соңында осы саладағы маркетологтар бағаны біраз түсіреді. Өйткені, біздің нарықта осы салада бәсеке жоғары. Мәселен кремдердің бағасы екі мың теңгеден басталады. Ерін далабы мен бетке рең беретін крем бағасы да дәл сондай. Орташа баға - 8 мың. Ал қымбатқа шығатыны - бет терісіне әр беретін кремдер, бағасы 80 мың теңгеге дейін барады. Көз бен ерінге арналған қарындаштың құны 800 теңгеден бастап 14 мыңға дейін бар. Бетке жағатын еңлік 2 жарым мың мен 20 мың теңге аралығында сатылуда.

Жүргізуші: Арай Сүгірбай.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу