Күріш арзандады

Күріштің бағасы тұрақты, өткен жылдың желтоқсанынан бері өзгермеген. Кей аймақта тіпті арзандаған. Мәселен, республика нарығында оның келісінің құны 285 теңгеге тұрақтаса, ақ маржанның ең арзан бағасы әлбетте оның отаны Қызылордада– 202 теңге. Шымкент пен Талдықорғанда шамамен 240-250 теңгенің төңірегінде сатылады. Ал күрішті қымбаттау бағаға Астана, Ақтау, Қостанай тұтынушылары алып жүр. Бұл қалаларда келісі 320 теңгеден 400-ге дейін жетіп қалған. Оның себебін осы өнімді өндіріп, өзге өңірлерге тасымалдаушы қызылордалық шаруалар әдеттегідей шығындармен түсіндіреді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу