Құрылыс-жөндеу жұмыстары кезінде қажетті материалдардың бірі цемент және құрғақ қоспалар. Мәселен,алғашқының еліміз бойынша орташа бағасы - 1252 теңге. Аталған материалды арзан бағаға Алматыдан 1020 теңгеге алуға болады. Ең қымбаты Оралда, 1633 теңге. Түсқағаздарды қабырғаға жапсыруға арналған желімнің бағасы 500-600 теңге аралығында. Қуантарлығы сантехника бағасы биыл еш өзгеріссіз қалған. Ал, жоғарыда басқа материалдардың бағасында өсім байқалып отыр. Мәселен, Италиядан келген құрылыс тауарлары 25 пайызға, Ресейдікі 5-7 пайызға артқан.
Жүргізуші: Арай Сүгірбай.