Экспо қалашығында ашылған мұз айдынына кіру билеті ересектер үшін 1000, конькиді бір сеансқа жалға алу құны да дәл осындай, балаларға - 500 теңге. Ал жасы 6-ға толмаған балақайларға кіру тегін. Егер балалар коньки тебе алмаса, оларға тірек болатын пингвинді жалға алу құны - 500 теңге. Ал Алматы қаласында конькилерді жалға алу құны бір сағатқа - 600, үш сағаты – 1500 теңге. Еліміздегі ең үлкен әрі танымал Медеу мұз айдынында конькимен сырғанау және жалға беру бағасы өзгерген жоқ. Билеттердің бағасы ересектерге - 1800, 23 жасқа дейін жастар үшін - 800 теңге, 7 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға - 400 теңге, 7 жасқа дейінгі балаларға, мүгедектер мен зейнеткерлерге тегін. Конькилерді жалға алу - 1000 теңге, балаларға - 500 теңге.
Жүргізуші: Арай Сүгірбай.