Медициналық қызмет бағасы 11%-ға қымбаттады

Дәрігердің алғашқы қабылдауында болу, тіс жұлдыру сияқты қызметтер бағасы 10 пайызға өскен. Жалпы 2017 жылдың бірінші тоқсанында бірқатар медициналық қызметтер құны қымбаттаған. Ультрадыбыстық тексерулер 13 пайызға, ал зертханалық талдаудан өту бағасы 8,5 пайызға дейін артқан. Массаж - 6,6 шипажай қызметі 6,8 пайызға өскен екен. Осылайша көлемі 11,2 пайызға артып, 539,5 млрд теңгені құраған. Ал бұл көрсеткіш 2016 жылы 485,1 млрд теңге болған.

Тілші: Арай Сүгірбай.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу