Мерекелік дастарханға қойылатын ұлттық тағамдар бағасы

Әсіресе наурыз мейрамы қарсаңында ұлттық тағамдардың саудасы қыза түседі. Мысалы, Наурыз көжеге қосылатын бидай және ақ жүгері сары жүгері бағасы былтыр жарты келі үшін 250 теңге болатын. Қазіргі ол 300 теңгеден сатылады. Сорпаға қосылатын құрттың келісі 1100 теңге болған, қазір 1300-ге көтерілді. Қолдың айранының литрі биыл 300 теңгеден сатылуда. Қымыз, шұбаттардың да бағасы көтерілген. Қазір литрі 800 теңгеге шықты. Жент бағасы 1500 теңгеге өскен. Қолдың ірімшігі мен қаймағы 100 теңгеге қымбаттап, 800-1500 теңгеге сатылуда.

Жүргізуші: Арай Сүгірбай.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу