Мобильді байланыс бағасы көтеріледі

Ұялы байланысқа кететін бір айлық орташа шығын 2 мың теңге. Олар барлық тұтынушылардың 53 пайызын құрайды. Үш мың теңге қаражатын жұмсайтындардың қатары 18 пайызға тең. Ал бес мыңға дейін және одан да көп төлейтіндер 5 және 3 пайыз. Мобильді қызметтер құны тұрақты деп айтқанымен, көбіне еліміздегі барлық операторлар бағаны өсірудің жөн-жосығын біледі. Мәселен, кез-келген азаматтың ұялы телефонына осы уақыттан бастап, осындай қызметтер көрсетіле бастайды. Соған сәйкес абоненттік төлем соммасы 1390-нан 1590 теңгеге дейін өседі деген хабарлама келеді. Осылайша, қызмет бағасы біртіндеп 10 пайызға дейін көтерілген.

Тілші: Арай Сүгірбай.

 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу