Негізгі азық-түлік тауарлары 2,1%-ға қымбаттады

Әлеуметтік маңызды тұтыну өнімдері жыл басынан 2,1 пайызға қымбаттады.  Статистика комитеті ұсынған деректерге сәйкес, картоп 14,3%, қырыққабат 8%, пияз 7,8%, қызылша 4,2%, сәбіз 2,9%-ға қымбаттаған. Сиыр еті былтырғыдан 6,3%, қой еті 4,7%-ға өсіпті. Өсімдік майы 2,1 пайызға, бидай нанынан пісірілген нан 3,1 пайызға қымбаттапты.  Ал ауыл шаруашылығы өнімдерің құнын жалпылай алғанда, өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 0,8, қаңтарынан 7, 2015 жылдың желтоқсан айынан 8,3 пайызға қымбаттап кетіпті. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу