Негізгі азық-түлік тауарларының бағасы

Әлеуметтік маңызды тұтыну өнімдері жыл басынан 3,2 пайызға қымбаттапты.  Статистика комитеті ұсынған деректерге сәйкес, жыл басынан бері картоп 20,1 пайызға, пияз 94,6, сәбіз 54,5 пайызға өскен. Етсіз тамақ жемейтін халқымыздың қалтасына биыл едәуір салмақ түсетін сыңайлы. Себебі, сиыр еті былтырғыдан 11,7, тауық еті 5,3 пайызға шарықтап кетіпті. Ал, бидай ұнының құны 0,5 пайызға, пастерленген сүт 3,1, қант 2,1 пайызға жоғарылаған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу