Биылғы жылдың қаңтарында елдегі инфляция 0,8 пайызды құрады. Статистика комитетінің деректерін сөйлетсек, сол бір айдың ішінде отандық нарықтағы азық-түлік бағалары 1,2, ақылы қызметтер 0,4 пайызға қымбаттап үлгерді. Атап айтқанда, қаңтарда картоп 6,9%, балғын көкөністер - 6,7%, жемістер - 1,7%, қымбаттады. Өткен жылдың желтоқсанында қияр мен қызанақ бірден 65 пайызға шарықтап кетсе, өткен айда қияр тағы 26,5, қызанақ 11,3 пайызға өсті.
Жүргізушісі: Кәусар Аяпберген