Қонақ үй бағасы күрт көтерілді

Мамыр айында Қазақстандағы қонақ үйлерде орналасудың орташа құны 8900 теңгеге тұрақтаған. Оның ішінде Жезқазған, Талдықорған, Семейдің мейманханаларында тәулігіне 5600-6400 теңгеге тоқтауға болады екен. Ал ең қымбат қонақ үй номерлері қос астана мен Атырауда тіркелген. Елорда мен мұнайлы астанада номерлердің орташа құны шамамен 12 мыңға тұрақтаса, Алматыда 16 мыңға жетіпті. Алайда осы бизнесі өкілдерінің сөздеріне сенсек, бүгінгі күндері Астанада мұндай бағалар жоқ.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу