Отандық автомобиль нарығы тұрақтанды

Биыл отандық өндірушілер көп дағдарыстан шығып, ішкі сұраныстың 40 пайызын өтеп отыр. Былтыр бұл көрсеткіш небары 8 пайыз еді. Осылайша қазақстандық кәсіпорындар биылғы жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында 4 млн 57 мың жеңіл көлік құрастырып шығарған. Бұл өткен жылғыдан 4,7 пайызға артық. Қазақстандықтар ұнатқан ең таңдаулы жеңіл көлік -Toyota Camry. Одан бөлек Рав4 кроссовері мен Land Cruiser 200 де сұранысқа ие. Бағасы арзандау темір тұлпарлар ішінде ресейлік көліктер мен өзбекстандық Ravon Nexia-ға таңдау түскен екен.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу