Ойыншық бағасы

Ойыншықтар да соңғы кезде едәуір қымбаттады. Оның индексі 2016 жылдың желтоқсанынан бері 100,2, 2015-тен 109,1 ал өткен жылдың қаңтар айынан 107,7 пайызға өсті. Енді жекелей атасақ, ең кішкентай сәбилерге арналған сылдырмақтарды Қазақстанда 350 теңгеден бастап табуға болады екен. Олардың максималды бағалары шамамен 15 мыңмен шектеледі. Бүлдіршіндер мен үлкендерге бірдей ұнайтын жұмсақ ойыншықтар ел көлемінде орташа есеппен  1000 теңге тұрады. Ең арзандарының құны 950 теңгеден басталып, мөлшеріне қарай ондаған мыңға жетеді. Ұл балаларға арналған ойыншықтарды, машина, ұшақ қарулардың бағасын  жалпыласақ 1300-8000 теңге аралығы. Ал қыз бүлдіршіндердің ермегі - қуыршақтардың бағасы көлеміне, жасалған материалына, брендіне қарап түрлене береді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу