Биылғы жылдың басында еліміздегі пошта және курьерлік қызмет бағасы 11,5 пайызға өсті. Осылайша, заңды тұлғалар үшін бұдан былай мерзімді басылымды жеткізу - 44,9%, хат тасу - бұрынғыдан 29,3%-ға қымбатқа түседі. Мұның себептерін компания басшылығы Инфляция деңгейімен, байланыс бөлімдерін қамтамасыз ету құнының жоғарылауымен және жанар-жағармай құнының өсуімен байланыстырып отыр.