Елімізде құс етінің бағасы 1,2 пайызға қымбаттады. Бұл өткен аймен салыстырғандағы көрсеткіш. Жалпы, биыл құс етінің өндірісі 203 мың тоннаға жетеді. Оның ішінде құс фабрикаларынан 193 мың тонна шығарылмақ. Жалпы елімізде 70-тен астам құс фабрикасы бар. Олардың өндірісі артқан сайын бағасы да арзандай түсуде. Өткен айда жұмыртқаның құны 2,9% кеміген. Мәселен, қалада тауық жұмыртқасының бірінші санаттағы орташа бағасы 268 теңгеге саудалануда.
Жүргізуші: Арай Сүгірбай.