Шай, кофе бағасы

Кофе, шай бағасы 33,9%-ға көтерілді. Бүгінде қара шайдың республика көлеміндегі орташа бағасы 1 келісі үшін 2800 теңге. Бұл өнім елімізге 100 пайыз импортталатындықтан, қымбаттаудың басты себебін, валюта бағамының құбылуынан іздеу керек. Ал кофе өткен жылы 50 пайызға қымбаттады. Мұның басты себебі кофенің отаны Бразилиядағы құрғақшылық, кофе қорының азаюы және оған деген сұраныстың өсуі.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу