Ел нарығында құны біршама өсіп үлгерген сусындар - шай, кофе және какао. Бұл өнімдердің әрқайсысының құны соңғы айда 35,4% пайызға қымбаттаған. Ең жиі тұтынатын шайдыңм құны былтыр 33,3%, биыл 30,2%, 2010 жылдан бері шамамен 99 пайызға қымбаттапты. Ал кофе бағасы өткен жылы 13,8%, биыл 22,3%, ал соңғы 6 жылда 68,6%-ға өскен. Осылайша, қара шайдың бүгінгі күнде республика көлеміндегі орташа бағасы 1 келі үшін 2720 теңге болып тұр. Какао бағасы да күн санап көтеріліп келеді. Басты себеп өнімнің аз болуында.
Жүргізуші: Кәусар Аяпберген.