Соғым маусымындағы ет бағасы

Жыл сайын халықтың саны 1 жарым есеге ұлғаяды. Соған сай етке деген қажеттілік өседі. Сұраныс артқан сайын, баға да көтеріле бастайды. Сондай-ақ биыл жем-шөп қымбаттады. 2016 жылы арпаның бір тоннасы 27 мыңнан 32 мың теңгеге дейін көтерілсе, 2017 жылдың күзінде 42 мың теңгеге жетті. Бұға қоса, бензин бағасының да қымбаттауы әсер етіп отыр. Бүгінде 6-12 айлық жабағы 85 мыңнан бастап 136 мың теңгеге дейін барады. Ал тайдың бағасы 170-тен 204 мың аралығында сатылуда. Байталдардың бағасы 340 мыңнан бастап 425 мың теңгеге саудалануда. Биені 510 мың мен 680 мың теңге аралығанда алуға болады.

Жүргізуші: Арай Сүгірбай.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу