Театр билеті қымбаттады

Өткен жылы еліміздегі театрлар 16 мың спектакльді көпшілік назарына ұсынған. Оның 363-і жаңа қойылым. Қуантарлығы  алдыңғы жылмен салыстырғанда мәдени ошаққа бас сұғатындардың да саны артқан. 2016 жылы 2,3 млн болса, былтыр 2,8 млн адам келіп спектакль тамашалаған. Ендігі көрсеткіш қалай болар екен, себебі, бір жыл ішінде театрға кіру құны 7 жарым пайызға қымбаттап, еліміз бойынша орташа есеппен 732 теңге болған.

Жүргізуші: Арай Сүгірбай

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу