Соңғы бірер айда Қазақстандағы денсаулық сақтау қызметтерінің құны 1,3%-ға, қоғамдық тамақтану – 1,1%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының бағасы – 1%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласында – 0,6%-ға өсті. Жалпы ақылы қызметтер 2016 жыл көлемінде 9,3 - 2015 жылы 7,4 ал соңғы 7 жылдың ішінде 54 пайызға қымбаттаған. Осы хабар барысында біз шаштараз, аяқ киім және сағат жөндеу, фото басып шығару қызметтерінің бағасына шолу жасаймыз.